» » Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

 
 
 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin от 16-02-2017, 04:04, посмотрело: 278

0

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары –

Бозшина Райхан Тентековнаның

Қызметі:

Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады. Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік- психологиялықжағынан қамтамасыз етілу жағдайын талдайды. Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді. Білім беру процесінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.
      Оқу-тәрбие процесінің ұйымдастырылуын, оқу процесіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді. Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді. Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады.     
     Педагог кадрларды іріктеуге және орналастыруға қатысады. Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.     
      Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және техникалық оқыту құралдарымен жарақтандыру, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыру жұмыстарын жоспарлайды. Оқу-тәрбие процесінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.       
      Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылау жасайды. Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.

-Мектепішілік бақылауды жүргізеді, директор жанындағы отырысты ұйымдастырады;

-Үй жағдайында оқыту жұмысын ұйымдастырады,бақылау жасайды;

-Оқушылардың  қозғалысын қадағалайды,құжаттарын  жүргізеді(Алфавиттік  кітап);

-Класс журналдарының дұрыс толтырылуын  қадағалайды;

-Жұмыста  жоқ  мұғалімдерді ауыстырады,арнайы ауыстыру есеп кітабын жүргізеді;

-Мұғалімнің айлық жалақысының табелін жасайды және уақытында бухгалтерияға тапсырады;

-Мұғалімдердің  біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады,жоспарлайды,ұйымдастырады.

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Әкімшілік

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.