» » Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

 
 
 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin от 16-02-2017, 04:00, посмотрело: 228

0

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары –

Балпашов Абзал Иванулының

Қызметі:

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруды, оқушыларды тәрбиелеу бағдарламаларын жасауды, оларды іске асыру бойынша жаңа тәсілдерді қамтамасыз етеді. Тәрбиелеу процесінің проблемаларына, тәрбие жұмысының нәтижелеріне, тәрбие жұмыстары саласындағы жағдайлар мен перспективалық мүмкіндіктерге талдау жасайды. Тәрбие жұмысының ағымдағы және перспективалық жоспарлауын ұйымдастырады. Аға-жетекшілер, сынып жетекшілері, дене тәрбиесі-сауықтыру және көркемдік-эстетикалық циклдің қосымша білім беру педагогтері қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады. Тәрбие жұмысы жөніндегі, мәдени-тәрбие шараларды дайындау және өткізу жөніндегі қажетті әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу бойынша жұмысты үйлестіреді; педагогикалық қызметкерлер өткізетін тәрбие процесін қамту мен өткізу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Девиантты мінез-құлықты балалармен жеке тәрбие жұмысына бақылауды жүзеге асырады. Педагогикалық кадрларды іріктеуде және орналастыруға қатысады, тәрбиелік жұмыстармен айналысатын педагог қызметкерлердің біліктілігін және кәсіби шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Жұртшылық және құқық қорғау органдары, ата-аналар, білім беру ұйымының ата-аналар комитеті өкілдерімен тәрбиелеу үрдісін қамтамасыз ететін оқу орнының әкімшілік, қызметтер мен бөлімшелер өкілдерінің өзара іс-қимылын үйлестіреді. Оқушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайына бақылауды жүзеге асырады. Тәрбиелеу процесінде қолданылатын құралдар, техникалық және көрнекілік құралдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.         
      Белгіленген тәртіпте есеп құжаттамаларының сапалы және уақтылы жасалуын, анықтығы мен тапсырылуын қамтамасыз етеді.

-Класс жетекшілер бірлестігінің  жұмысын басқарады;

-Тәрбие бағытындағы  іс –шаралардың жоспарын жасайды;

-Тәрбие сағаттарының бекітілген бағдарлама негізінде өтуін қадағалайды,;

-Ата-аналар комитетінің жұмысын ұйымдастырады;

-Мектепішілік оқушылар  ұйымының,және басқа да  қоғамдық  ұйымдардың,топтардың жұмысына  басшылық жасайды;(«Жас ұлан», «Тәртіп сақшылары», «Жас өрт сөндірушілер», «Құқық кеңесі»т.б.);

-Мектеп оқушыларының тамақтану  жұмысын басқарады,қадағалайды және  мектеп бухгалтериясына,қалалық білім бөліміне  ай сайын мәлімет тапсырады.

 

шаблоны для dle 11.2

Категория: Әкімшілік

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.